Еуразиялық экономикалық одақ аясында шағын және орта бизнестегі бәсекелестікті дамыту. Петропавлда бас қосқан солтүстік өңірдің кәсіпкерлері осы мәселені талқылады.
Жиынға Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Ақмола облыстарынан келген бизнес субъектілерінің өкілдері қатысты.
Еуразиялық экономикалық одақ экспорт әлеуетін арттырғанымен әлі де кемшін тұстар бар. Соның бірі - шетелдік нарыққа тауар шығару барысында кездесетін олқылықтар.
Ләззат Ибрагимова «Даму қоры» АҚ басқарма төрағасы:
Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы біз үшін пайдалы болғанымен, бәсекелестікті күшейтуге тура келеді. Бұл тек 16-17 миллион адамдық нарық емес, 10 есеге артты деген сөз. Сондықтан, біздің кәсіпкерлер өз орнын табуы тиіс. Ал, қиындықтар салық төлеу жүйесінде кездеседі, экспорттаушы компанияға қосымша құн салығын қайтару барысында қиындықтар бар.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ