Астана күні Алматыда да мерекеленуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана күні Алматыда да мерекеленуде

06.07.2014
Астана күні Алматыда да мерекеленуде

Алматылықтар да таңсәріден түрлі мәдени шаралар ұйымдастырып, қаланың барлық саябақтары мен демалыс орындарында өнер иелері  той көрігін қыздырды.

Айгүл Ермахан, тілші:

Астананың туған күні Алматыда ерекше тойланып жатыр. Біз тұрған Горький атындағы саябақта мереке ерте басталды, енді қас қарайғанша тоқтамайды. Жетісудың бас қаласында қазір сегіз  аудан бар, сол сегіз ауданның тұрғындары елорда күнін жеке-жеке сән-салтанатымен атап өтуде.

Отбасылық демалыс орнындағы  думанды шараға бүгін  ес білетін баладан, еңкейген қартқа дейін қатысып жатыр. Әсіресе, балдырғандар түрлі спорттық ойындардан сайысқа түсіп,  өнер жарыстыруда.

Қара жерге түрлі-түсті бояумен сурет салып, қазақтың Астанасын өз қиялымен бейнелеуде. Бірі алып Бәйтеректі, енді бірі Ақорданы тақырып етіп алып, қолынан келгенше кескіндеп бағуда.

Аз ғана уақыт ішінде жас суретшілер айналаны Астана суреттеріне толтырды. Ал, соңында ең мықты суретші де  анықталады. Бұл  -  алматылықтардың елордалықтарға жасаған мерекелік тартуы.

Санжар Мырзалы, Алматы қаласының тұрғыны 

Жаса, жаса Астана!

Өркен жая бас қала.

Болашақтың есігін,

Өз қолыңмен аш маған...

Түрлі тосынсыйларды қамтыған шаһардағы көңілді концерт кешкілік әсем отшашумен жалғасады.

 

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу