Басты Жаңалықтар Еңбек ерлерінің жылы лебіздері

Еңбек ерлерінің жылы лебіздері

Еңбек ерлерінің  жылы лебіздері

Ширек ғасырда, Қазақстанды әлемнің қарқынды дамушы мемлекеттерінің қатарына қосу, Сарыарқаның қақ төрінен алып шаһар соғу оңай шаруа емес. Бұл – ерен еңбекті қажет етеді. Еңбек ерлері Елбасы мен елорда туралы осылай дейді.

Геннадий Зенченко, Қазақстанның Еңбек ері:

Елбасы мен Елорда - егіз ұғым. Себебі, Астана -Тұңғыш Президентіміздің төл туындысы. Біздің Президентімізге ұзақ ғұмыр тілеймін, Астанамыз, еліміз гүлдене берсін. 

Абзал Ерәлиев, Қазақстанның Еңбек ері:

Қазір біз қазақстандықпыз, елордамыз Астана деп еңсемізді тік ұстап, мақтана айтып жүреміз. Бұл біздерді алға жетелейді. Елдік мұрат жолында еңбек етуге жетелейді.

Кәмшат Дөненбаева, Социалистік Еңбек ері: 

Астанамыз көркейіп, өсіп келеді. Ерекше қазақтың иісі шығатын жерлері бар. Өте көп ғимараттар салынып жатыр. Мәдениет ошақтары көбейіп жатыр. Біз бұған қуаныштымыз. Еліміз аман болсын.

 

Нұрбек БЕКБАУ

                                                    

Бөлісу