Қала күні «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында тойлануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қала күні «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында тойлануда

06.07.2014
Қала күні «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында тойлануда

Астананың әр жерінде бүгін түрлі мерекелік шаралар өтіп жатыр. Олардың қатарында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» атты фестиваль.

Берік Көшербаев, тілші:

«Хан Шатыр» ойын-сауық орталығының қасындағы алаңда мерекелік шаралар әлі жалғасуда. Бұл жердегі той-думанды тамашалауға келген қонақтар назарына «Ақ сандық, көк сандық» деген атаумен қазақ халқының ұлттық ойындары көрсетілуде.

Сонымен қатар, көшпелі цирк әртістері өз өнерлерін паш етті. Кішкентай балаларға киіз үйді  құрастыру бойынша шеберлік дәрістер өткізілді.

Жиналған жұртшылыққа дәстүрлі түркі музыкасының концерті де ерекше көңіл-күй сыйлауда.

Перизат Алпыс, концертті ұйымдастыру тобының мүшесі:

Шараға түркі елдерінен көптеген қонақтар келді. Халықтың көңіл-күйі тамаша. Концерт түнімен жалғасады.

Бұл жердегі мерекелік шараларды көруге келіп жатқан халықтың қарасы әлі де қалың. Қонақтардың арасында шетелдің азаматтары көп. Олар киіз үйлердің ішіне кіріп ұлттық тағамдарымыздан дәм татты. Осы жерде ат құлағында ойнаған шабандоздарда өз шеберліктерін көрсетіп жатыр.

Берік Көшербаев, тілші:

Бұдан бөлек, палуандар күресін және ақындар айтысын да тамашалауға болады. Ал кешкі сағат 21:00-де «Мәңгілік сарын» атты гала-концерт болады деп жоспарланған.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу