Басты Жаңалықтар Ел һәм Елбасы туралы пікірлер

Ел һәм Елбасы туралы пікірлер

Ел һәм Елбасы туралы пікірлер

Ел туралы, Елбасы туралы былайғы жұрт  не дейді? Апта бойы, арнайы айдар ашып, шетелдік мемлекет басшыларының, қоғам қайраткерлерінің Президент туралы пікірін беріп жатырмыз. Бүгін де сол дәстүрімізді жалғаймыз.

Самака Сундураведжа, Бангок қаласының губернаторы:

Мен Президентпен жолыққанға дейін, оның «Сындарлы он жыл» кітабын оқыған болатынмын. Ал өзімен болған 15 минуттық жүздесуде ол кісінің зерек, табанды, керек десеңіз прагматик адам екеніне көзім жетті. Тағы бір таңқалғаным, Астана күнін тойлауға Президентпен барғанмын.

Сіздердің басшыларыңыз, қарапайым жұртпен қол алысып, хал сұрасқанын көрдім. Қарапайымдылығына тәнті болдым. Сіздердің Президент – өз елінің нағыз көшбасшысы, Елбасы деген атқа лайық тұлға екеніне әбден көзім жетті.

Қазақстан – елдің басында ел үшін дұрыс шешім қабылдай алатын, сындарлы ойлай алатын Президенті бар, болашағы айқын мемлекет. Мен Қазақстанға сапарымда осыны түсіндім.

Крис Кэннон, АҚШ конгресмені:

Мен Қазақстан дейтін жас мемлекеттің, кешегі 1991 жылы қалай Тәуелсіздік алғанын, дамудың қай жолын таңдағанын, барлығын бақылап отырдым. Қазақстан - дәл қазір экономикасы қарқынды даму үстіндегі, саяси тұрақты мемлекет. Қазақстанның бұл жетістігінің бастауында Президент Нұрсұлтан Назарбаев тұр.

Мен, Президент Н.Назарбаевтың алысты болжай алатын көреген саясаткерлігін қатты құрметтеймін. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қаншама сын естіді, бірақ ол өзінің таңдаған жолы дұрыс екенін дәлелдеді. Ол  Қазақстанды аяғынан нық тұрған мемлекетке айналдырды.

Антоньо Мартинш да Круш, Португалияның сыртқы елдер ісі министрі:

Қазақстан этникалық топтарды өзара тату еткен, сан түрлі ұлттарды бір-бірімен дос еткен алғашқы мемлекет. Әлем Қазақстанды толеранттылықтың эталоны деп таниды. Қазақстан соңғы 10 жылда қатарынан бірнеше саяси реформалар жүргізіп, үлкен нәтижеге жеткен елдің бірі.

Қазақстан осындай ұлы жеңістерге ең әуелі елдің қажыр қайратының арқасында жетті. Ал, сол халықты кім ұйыстырды? Әр жетістіктің соңында Назарбаев тұрғаны анық. 

Бөлісу