Балық шаруашылығына арнайы бағдарлама қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балық шаруашылығына арнайы бағдарлама қажет

04.07.2014
Балық шаруашылығына арнайы бағдарлама қажет

Еліміздегі балық өсіретін шаруашылықтар балық жемінен таршылық көріп отыр. Өйткені, балықтың арнайы қорегі тек сырттан тасымалданады. Сондықтан, бағасы қымбат. Ал, мемлекет тарапынан оған қаржы бөлінбейді.

Су тоғандарындағы балық санының жылдан жылға азаюының басты себебі де осы. Бүгінде елімізде 48 мыңнан астам өзен-көл, ал балық өсірумен айналысатын 7 мемлекеттік мекеме бар екен.

Алайда, саланы реттейтін бір де бір арнайы бағдарлама жоқ. Қазір сала басшылары балық шаруашылығын дамытудың арнайы бағдарламасын әзірлеуде.

Қайырбек Мұсабаев, ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары:

Қазіргі уақытта балық жүйесінде, біздің шаруашылықтарда, инспекцияларда автотранспорт, инспекторлар жетіспейді. Су тоғандарында балықтың саны судың жоғынан және броконьерлер де бір жақтан себеп болып жатыр. Балық ұрық шашатын жерлер де істен шығып жатыр. Сол себептен балық саны жыл сайын азаюда.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу