Қарағанды - инватакси қызметі жетілдірілген бірден-бір аймақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды - инватакси қызметі жетілдірілген бірден-бір аймақ

02.07.2014
Қарағанды -  инватакси қызметі жетілдірілген бірден-бір аймақ

Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Айталық, облыста 63 мыңнан аса мүгедек болса, соның 4 мыңнан астамы - бала.

Бүгінгі күнге дейін осы санаттағы 10 мың азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік төлемдер мен тұрмыстық көмектер көрсетіліп тұрады.

Алайда, мүгедектердің емін-еркін жүріп-тұруына кедергілер де аз емес.

Қарағанды - республика бойынша инватакси қызметі жетілдірілген бірден-бір аймақ. Бірақ, соның өзінде инватаксилердің жалпы саны 30-дан әрең асады екен.

Бұған қоса мекемелер мен мәдени ошақтарда, жеке меншік нысандардың маңында пандустардың болмауы қынжылтады. Облыс орталығының өзінде мынадай ыңғайлы баспалдақтар тек 4-5 жерде ғана бар.

Қазір осыны шешу мәселесіне көңіл бөлініп жатқанына мүмкіндігі шектеулі жандар дән риза.

Александр Ивкин, «Лайықты өмір» оңалту орталығының төрағасы:

Дегенмен, жақсы жағына қарай даму үрдісі бар. Мәселен, биыл ІІ, ІІІ топтағы 300 мүмкіндігі шектеулі жан жоғары оқу орындарына түсті. Бұрын-соңды мұндай көрсеткіш болған жоқ. Оқыған адам жұмыссыз қалмайды ғой. Ертең отбасын да қиналмай асырайды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу