Көршілес Қытай еліндегі мұсылман бауырларымыз да биыл әдеттегідей ауыз бекітті. Рамазан айы кірісімен олардың көпшілігі өздері тұратын аймақтарындағы мешіттерге барып, парыздарын өтеп жүр.
Қытайда 56 ұлт мекен етсе, солардың оны - мұсылман дініндегілер. Саны жағынан ең көбі дүнгендер, олар 8 миллионнан астам. Одан кейін ұйғыр, қазақ, қырғыз және басқалары.
Қытай елінде діндік көзқарасқа еркіндік берілген. Жалпы, Қытайдағы мұсылмандар саны 20 миллионнан асады. Олардың барлығы бұл күндері ораза тұтып, тарауих намазына қатысады.
А Ли, Бейжің орталық мешітінің имамы:
Қытайда тұратын ұлттардың басым бөлігі мұсылман емес. Бірақ, ол жайт бізге тосқауыл болмайды. Біз де әлем мүминдерімен қосылып, әрбір ислам мерекесін кең көлемде атап өтеміз. Қасиетті Рамазан айында барша мұсылман қауымына қытай мұсылмандары атынан құттықтау мен ыстық лебіздерімізді жеткіземіз.
Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ