Алатау елді мекеніне газ берілді
Мемлекеттік мереке қарсаңында 9 мыңнан астам тұрғыны бар Алатау батыр ауылы табиғи газға қол жеткізді.
Салтанатты жиын барысында Шардара ауданының әкімі Қамытбек Айтөреев ауыл азаматтарын құттықтап, бұл ауқымды жұмысқа мемлекет қазынасынан 1 миллиард 300 миллион теңге қаржы жұмсалғанын жеткізді.
Сондай-ақ, биыл 8 мың тұрғыны бар Көксу ауылдық округіне көгілдір отынның берілетінін мәлімдеп, 2017 жылға дейін ауданның толықтай газбен қамтылатынын айтты. Сонымен қатар ауылды көркейту жұмыстары да, қолға алынған.
Өмірбек Ділдәқыз, ауыл тұрғыны:
Көмір жағып, күл шығарып келдік. Енді көгілдір отынның келуіне байланысты жұмыс жеңілдейді.
Қамытбек Айтөреев, аудан әкімі:
Бұл шара ауданымызда жалғасып келеді. Бүгін Алатау ауылында газ берілді. Қалған ауылдарды газбен 2017 жылға дейін қамтамасыз етеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49