Ауылдағы өзекті мәселелер шешілетін болды
Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Исатай ауданында болды. Ол ауыл тұрғындарымен кездесіп, оларды толғандырған өзекті мәселелерін тыңдады.
Жалпы, 25 мың халқы бар ауданда түйіткілді мәселелердің біразы шешілген. Облыс әкімінің тапсырмасымен көгілдір отын тартылып жатыр. Ауылдың ішіндегі жолдардың көбі асфальтталған.
Алайда, әлі де атқарылар шаралар шаш етектен. Мәселен, ауылдықтар толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Оған қоса, салынған жаңа мектептер мен бала-бақшалар, мәдениет ошақтары аздық етеді. Олардың кейбірі ескірген.
Аймақ басшысы, халыққа бұл мәселелердің барлығы уақытылы шешілетінін жеткізді.
Бақтықожа Ізмұхамбетов, Атырау облысының әкімі:
Отырған ғимарат көп жыл болған шығар салынғанына, 3000 халық тұратын ауылға сән емес. Сондықтан орынбасарларыма тапсырма, тез арада аудан әкімімен келісіп, 200 орындық мәдениет үйінің жобасын әзірлеп, келесі жылы күн жылығанда, мына жерде мәдениет үйінің құрылысы басталатын болсын.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Волонтерлық қызметтің Конституцияда айқындалуы жастарға серпін береді
13.06.2026, 20:57
Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті
13.06.2026, 20:07
АҚШ құрамасы Парагвайдан басым түсті
13.06.2026, 20:05
14 маусым – дүниежүзілік қан доноры күні
13.06.2026, 20:05
Аймақта озық ғылыми жобалар жүзеге асып жатыр
13.06.2026, 20:05
Ресейдің 25 өңірінде бензин тапшы
13.06.2026, 20:05
Таиландта 15 күндік аза тұту жарияланды
13.06.2026, 20:04
АҚШ пен Иран бейбіт келісімге 24 сағатта қол қоюы мүмкін
13.06.2026, 20:04