Елімізде жеке сот орындаушылары тапшы
Елімізде жеке сот орындаушылары тапшы. Облыстарда олардың саны 5-10 адамнан аспайды.
Ал, аудандарда мұндай мамандар атымен жоқ. Бүгін осы мәселелерді шешу үшін Сот актілерін орындау комитетінің өкілдері Астанада жиын өткізді.
Олардың айтуынша, қазір елімізде мемлекеттік сот орындаушылардың атқаруында 1 миллион 610 мың құжат болса, жеке сот орындаушылардың атқаруында небәрі 87 мың құжат бар.
Бұл атқарушылық құжаттардың жалпы мөлшерінің тек 6 пайыз ғана. Осы орайда, Сот актілерін орындау комитетінің басшылығы бірқатар ұсыныс жасады.
Мәселен, еліміздің қалалары мен облыстарында жеке сот орындаушыларын оқытатын арнайы курстар ашу, сондай-ақ, мемлекеттік құзырлы органдар мен жеке сот орындаушылар институттарының арасында тығыз қарым-қатынас орнату.
Ғалымбек Смағұлов, Республикалық жеке сот орындаушылар алқасы төрағасының орынбасары:
Бүгінде банктер заң бойынша біздің сот орындаушысының қаулысын орындамайды. Ал, біз олардан жеке тұлғаларға қатысты мәліметтер ала алмаймыз. Ал, бұл проблемаларды жалғыз республикалық алқа, Әдлет министрлігі шеше алмайды. Бұл жерге мемлекеттік органдар аралауы керек сол үшін.
Айдана ҮСЕНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Волонтерлық қызметтің Конституцияда айқындалуы жастарға серпін береді
13.06.2026, 20:57
Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті
13.06.2026, 20:07
АҚШ құрамасы Парагвайдан басым түсті
13.06.2026, 20:05
14 маусым – дүниежүзілік қан доноры күні
13.06.2026, 20:05
Аймақта озық ғылыми жобалар жүзеге асып жатыр
13.06.2026, 20:05
Ресейдің 25 өңірінде бензин тапшы
13.06.2026, 20:05
Таиландта 15 күндік аза тұту жарияланды
13.06.2026, 20:04
АҚШ пен Иран бейбіт келісімге 24 сағатта қол қоюы мүмкін
13.06.2026, 20:04