Қарағандыда тағы бір отандық өнім нарыққа шықты
Міне, бұл - біздің отандық өнім. Ең алғаш болып, Германияда жасалса, қазір өзімізде шығады. Жылумен қамту және мұнай-газ саласы үшін қажетті, жоғары қысымға шыдамды мұндай шарлы крандар 30 жылға дейін жарамды.
Өнімге сұраныс көп. Кейінгі 5 жылда бірегей бастамаға Қазақстан да қызығушылық танытып, жоба Индустрияландыру картасы аясында Қарағанды өңірінде жүзеге асты. Ол үшін 1 миллиард теңге жұмсалыпты.
Людвиг Крюгер, өндіріс басшысы:
Зауыттың мықтылығы ондағы жұмыскерлерге байланысты. Сондықтан, дәнекерлеуші, сантехник, слесарь және тағы да басқа мамандарды өзім арнайы келіп таңдап алдым. Мұнда айтарлықтай білікті мамандар жеткілікті екен. Ал, құрылыс индустриясы және жалпы бизнеске келсек, ол үшін елдегі климат жайлы.
Зауытта 40 адамға жаңа жұмыс орны ашылды. Жақында олар Германияға барып біліктіліктерін арттыратын болады. Кәсіпорын жүз пайыз өндірістік қуаттылығын жүзеге асырған кезде тағы қосымша адамдар алмақ.
Жүк таситын мына көлікті басқаруды тез арада-ақ меңгеріп кеткен Ардақ Ысқақов жұмысы өзіне ұнайтындығын айтады. Бастысы, мұнда адамның еңбегі бағаланып, барлық жағдай жасалған,-дейді ол.
Ардақ Ысқақов, жүргізуші:
Жұмыс орны жақсы. Өздерінің дәмханасы, жуынатын жері бар. Мына қондырғылардың барлығы жаңа, ыңғайлы. Бес күн жұмыс істейміз, екі күн демалысымыз бар.
Зауыт жылына 10 мың тонна дайын өнім өндіруге қауқарлы. Ол үшін қажетті шикізат өзімізде шығарылады. Қатты қысымға төзімді шарлы крандар жақын арада Астана қаласының жылу жүйесі мен газ тораптары үшін қолданысқа енгізіле бастайды.
Ал, үлкен нарықты алып қарайтын болсақ, бұл өнімге қазірдің өзінде Орталық Азия мен Еуропаның 37 елінен сұраныс түсіп отыр,- дейді кәсіпорын басшылары.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49