Инновациялық идеялар қолдау табуда
Тың идеяларды іздеу жобасы 2005 жылдан бері іске асып келеді. Осы уақыт аралығында бас-аяғы 1000-нан астам жоба іріктеліп, бүгінде түрлі салаларда қолданылып келеді.
Байқау бойынша әр аймақтан таңдалып алынған идеялар ең соңында Астанада қорғалады. Олардың ішінен 5 жоба финалға өтеді. Сөйтіп, үздік деп танылғандары ақшалай қолдау тауып, жүзеге асырылуына мүмкіндік алады.
Ақмола облысы бойынша ұсынылған жобалар түрлі салаларды қамтиды. Солардың ішіндегі көпшілікті қызықтырған мына құрылғы арқылы кез келген ғимарат өзін-өзі электр энергиясымен қамтамасыз ете алады. Ол үшін желден қуат алатын генератор орнатылады.
Бурабай Марамов, байқауға қатысушы:
Ғимаратқа жел өткізетін құрылғы орнатылады. Оның келемі генераторға жақындаған сайын кішірейе түседі. Сол арқылы біз желдің күшін көбейтеміз де генераторды айналдырамыз. Осылайша электр энергиясына қол жеткізуге болады. Бұл көбінесе көлемі аса үлкен емес ғимараттарда қолдануға ыңғайлы.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49