Павлодарда электронды пандустар шығарылады
Павлодарлық кәсіпкер электронды пандус жасады. Әзірге екі түрі бар. Олар мүгедек жандар жиі баратын мекемелерге арналып жасалған. Бірі лифт секілді. Арбаға таңылған адамды тіке көтеріп, ғимарат ішіне кіргізеді. Ол үшін небәрі бір минут уақыт қажет.
Бұл пандус арқылы екі метр биіктікке дейін көтерілуге болады. Ал, екіншісі жаяу жүргіншілерге арналған эскалатор тәрізді. Айырмашылығы, тақтайшалары жалпақ. Арба еркін сияды. Және сырғып кетпейтіндей тірек орнатылған.
Қазір кәсіпорын қанатқақты жобаға лицензия алуға өтініш берді. Егер өкілетті органдар тарапынан рұқсат берілсе, жылына 30-дан аса электронды пандус шығаруға мүмкіндік бар.
Елена Юрченко, I топтағы мүгедек:
Бұл пандустар өте жайлы екен. Әрі қауіпсіз. Артқа сырғып кету немесе биікке көтерілу үшін күш салудың қажеті жоқ. Мен 14 жасымнан бастап, арбаға таңылдым. Электронды пандусты бірінші рет көріп отырмын. Павлодарда арбаға таңылған екі мыңға жуық мүгедек бар. Мұндай пандус біздер үшін арман ғой.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті балдары жарияланды
13.11.2025, 10:08
Ақтөбе өңіріндегі ең ірі су қойма жаңартылады
13.11.2025, 10:06
Қазақстан-Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы аяқталды
13.11.2025, 10:01
Қазақстан-Ресей: Экономикалық ынтымақтастықты дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданды
13.11.2025, 09:56
Президенттер өңіраралық форумда сөз сөйледі
12.11.2025, 21:11
Боччадан Қазақстан кубогы үшін жарыс басталды
12.11.2025, 20:46
Туристік индустриялық аймақ құрылады
12.11.2025, 20:44
Тәттімбеттің 210 жылдығы аталып өтті
12.11.2025, 20:42