«Мерейлі отбасы» байқауы қыркүйекте аяқталады
Алдағы қыркүйекте еліміздегі үздік отбасылар марапатталады. Қазір «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының екінші кезеңі аяқталды.
Бұл туралы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері хабарлады.
«Мерейлі отбасы» байқауының облыстық, аудандық деңгейдегі кезеңдеріне 500-ден астам отбасы қатысып, олардың ішінен 16-ы республикалық байқауға жолдама алған екен.
Ақтық сын Астанада Отбасы күні мерекесі қарсаңында, дәлірек айтсақ, қыркүйектің 12-і күні өтеді.
Гала-концертте республиканың әр өңірінен келген өнегелі отбасылар марапатталып, шара отандық телеарналардан көрсетіледі.
Ұйымдастырушылар әзірге байқаудың жүлде қорын құпия ұстап отыр.
Махаббат Бекбосынова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы:
Үміткерлердің ішінде өнегелі отбасылар көп. Мысалы, Ақмола облысының Мұқашевтер отбасының ортақ педагогикалық еңбек өтiлi 300 жылдан асады. Ақтөбелік Түсiпқалиевтер - медициналық династия. Олардың 340 жылға жуық ортақ еңбек өтiлi бар. Алматы облысында Есхожиндер әулеті 340-тан астам баланы асырап алып, Елбасының қолынан сыйлық алған. Байқау мақсаты жеңімпазды анықтау емес, өнегелікті үлгі ету.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49