Қасиетті Рамазан айы жақындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасиетті Рамазан айы жақындады

25.06.2014
Қасиетті Рамазан айы жақындады
Маусымның 28 күні барша мұсылман халқы асыға күткен қасиетті Рамазан айы мен мұсылмандардың бес парызының бірі – Ораза басталады. Иісі мұсылман қауымы осы айтулы күндерде ауыз бекітеді.
 
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы БАҚ өкілдеріне қасиетті айға қатысты мағлұмат берді. 30 күн оразадан жолдағы адамдар сапары біткенше және ауырған адамдар жазылғанша босатылады.
 
Емізулі сәбиі бар және жүкті әйелдерге ауыз бекітпесе болады. Биылғы пітір-садақаның мөлшері  - 200 теңге. Ал, Қасиетті Қадір түні шілденің 23-нен 24-не қараған түні өтеді. Бас мүфти сондай-ақ, қоғамдық көліктердегі жолақысы арзандатылып, азық-түлік бағаларына жеңілдік жасалса, деген ниетін жеткізді. Барша халықты Қасиетті Рамазан айында ізгілікті амалдар жасауға шақырды. 
 
Ержан қажы Малғажыұлы, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:
Биыл Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы өз жұмысының аясында 2014 жылды Дін мен дәстүр жылы деп жариялады. Осы Дін мен дәстүрдің аясында Айт күндерінің өзін дәстүрмен байланыстырып, мешіттің айналасында түрлі шаралар өткіземіз. Мұның барлығы халқымызды бірлікке, ынтымақтастыққа шақырады, деп сенемін. 
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу