Бүгін - Қазақстан полициясы күні
Олар бүгінгі күннің батырларына арналған монумент алаңына жиналып, ерлік жасаған ерлердің ісін бір минут үнсіздікпен еске алды. Соңынан, Ішкі істер министрі бастаған полицейлер тобы ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, Ішкі істер министрі оқу орындарын бітіруші бір топ студентке лейтенанттық погондар табыстады.
Іңкәрбек Малаев, ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының түлегі:
Қуаныштымын, министрдің өз қолынан осындай құрмет пен құттықтау, шен алып жатқанымызға. Мен де қаза тапсам, осындай қызмет жолында қаза тапқым келеді. Ол әркімге абырой, үлкен ерлік.
Маңызды мереке Қазақ елі монументінің алаңында жалғасты. Мұнда Ішкі істер департаментінің патрульдік және жол полициясы қызметкерлеріне 40-қа жуық көліктің кілті табысталды. Айта кетейік, елімізде Полиция күні биыл жетінші рет тойланып отыр.
Айдана ҮСЕНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Волонтерлық қызметтің Конституцияда айқындалуы жастарға серпін береді
13.06.2026, 20:57
Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті
13.06.2026, 20:07
АҚШ құрамасы Парагвайдан басым түсті
13.06.2026, 20:05
14 маусым – дүниежүзілік қан доноры күні
13.06.2026, 20:05
Аймақта озық ғылыми жобалар жүзеге асып жатыр
13.06.2026, 20:05
Ресейдің 25 өңірінде бензин тапшы
13.06.2026, 20:05
Таиландта 15 күндік аза тұту жарияланды
13.06.2026, 20:04
АҚШ пен Иран бейбіт келісімге 24 сағатта қол қоюы мүмкін
13.06.2026, 20:04