Инновациялық автобус жолға шықты
Өнертапқыштарды, жас ғалымдарды, болашақ бизнесмендерді іздеу жобасы аясында жұмыс қарқын алды. Осы мақсатта арнайы инновациялық автобус жолға шықты.
Ай бойы автобус еліміздің барлық өңірін аралап, жаңа жобаларды іріктейді.
Үздік шыққан жобаға 7,5 миллион теңге сыйақы беріледі. Ал екінші, үшінші орындарға 2,5 және 1 миллион теңге көлемінде грант қарастырылған.
Айталық, байқау барысында атақты кәсіпкерлер инноваторлар үшін арнайы шеберлік сағаттарын өткізіп, жетістіктерімен бөліседі. Бүгін автобус Петропавл қаласына бет алды.
Бауыржан Айтілеу, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарушы директоры:
Осы жылы біз Қазақстанның әрбір өңірінен 16 жобаны таңдап, орталыққа әкеліп, байқау өткіземіз. Олар «Инновациялық форсаж» реалити-шоуына қатысып, нәтижесінде ең үздік 3 жобаны таңдаймыз.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10