Бүгін - Қазақстан полициясы күні
Бүгін - Қазақстан полициясы күні.Кәсіби мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облысы Келес өңірінде тәртіп сақшылары қызмет бабында қайтыс болған әріптестерін еске алды.
Шараға марқұмдардың туыстары мен қызметтестері шақырылды.
Биғара Айдосов - 12 жыл бұрын қаскөйлердің қолынан қаза тапқан полицей. Абай ауылында учаскелік инспектор болып қызмет еткен тәртіп сақшысын өз үйінде атып кеткен.
Қызметіне адал, кәсібіне берік жанның соңында аңырап отбасы қалды. Бірақ, марқұмның жанұясы қиындыққа мойымады.
Тұңғышы Берік Биғараұлы қазір әке жолын қуған. Ол өзі туып-өскен елді мекенде учаскелік инспектор болып қызмет етеді.
Берік Биғараұлы, учаскелік инспектор:
Жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты екі қылмыскерді ұстадым.
Қазақ полициясы құрылған жылдары Келес өңірінде алты бірдей тәртіп сақшысы қызмет бабында қаза тапқан. Олардың ерен еңбегі мен өшпес ерлігі әріптестерінің де, ауылдастарының да жадында.
Бақилық болған осынау жандарға ерекше құрмет көрсеткендер бұл күні марқұмдарды бір сәт үнсіздікпен еске алды.
Бұхарбай Парманов, Сарыағаш ауданының әкімі:
Ешуақытта Үкімет бұл кісілерді ұмытпайды. Ұмытқан емес. Барлық жағдайды осы кісілердің отбасыларына жасаймыз.
Ел тыныштығы үшін күн демей, түн демей қызмет атқарып жүрген полицейлердің еңбегі кәсіби мереке күні ерекше еленді.
Қызметіне адалдық танытып, нәтижелі жұмыс көрсеткендері марапатталды.
Ал, шара соңында бес ауданнан келген сақшылар арасында шағын футболдан арнайы турнир ұйымдастырылды.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06