Жұмысқа алдымен жергілікті жұртты алу керек
Қай салада болсын жұмысқа шетелдіктерді емес, еліміздің азаматтарын тарту керек. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев Павлодарға барған сапарында осылай, деп мәлімдеді.
Қазіргі таңда Павлодарда индустрияландыру бағдарламасы бойынша бірнеше нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Онда негізінен Қытай, Түркия және басқа да шет мемлекеттердің азаматтары жұмыс істейді.
Маман даярлау, әсіресе кәсіптік білім беру деңгейі басқа облыстарға қарағанда көш ілгері, яғни, кадрлық әлеуеті жеткілікті саналатын аймақта мұндай үрдіске жол берілмеуі керек, деді Тимур Құлыбаев.
Өндірісі өркен жайған өңірде енді шағын және орта бизнесті мейлінше дамыту керек. Қазір кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа жүйелері бар. Қаржылық мүмкіндіктер де жеткілікті.
Тимур Құлыбаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы:
Ең бастысы, кәсіпкерлікті қолдауға Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінді. Биылғы жылы оның 500 миллиард теңгесі игерілетін болады. 250 миллиард теңге қаржылық секторды сауықтыруға, басқасы түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлікті жандандыруға пайдаланылады.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең де қолайсыз ауа райы сақталады
30.12.2025, 20:58
Жаңа жылдағы қауіпсіздік шаралары
30.12.2025, 20:57
Алматыда қар жоқ
30.12.2025, 20:57
Италиядағы қысқы Олимпиадаға 38 күн қалды
30.12.2025, 20:54
Президент 1 жылда 95 заңға қол қойды
30.12.2025, 20:53
Көктайғақ елордалықтарды әбігерге салды
30.12.2025, 20:52
«Теңізшевройл» компаниясы 25 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты
30.12.2025, 20:50
Биыл 4 миллионға жуық науқасқа дәрі-дәрмек тегін берілді
30.12.2025, 20:48