Себебі, нан-тоқаш комбинатында арзан ұн таусылған. Ал, ол ұн әкімдік пен нан шығарушы кәсіпорын арасындағы меморандумға сәйкес тұрақтандыру қорынан беріліп тұрды. Ай сайын 500 тоннадан. Бірақ, маусым айында комбинатқа ұн келмепті.
Бұл жөнінде кәсіпорын екі апта бұрын әкімшілікті хабардар еткен. Облыс басшылығы осы дерекке қатысты бүгін мәлімдеме жасады. Яғни, ертеңнен бастап нан бұрынғы бағамен сатыла бастайды. Және ол алдағы астық орағына дейін өзгермейді. Ал, әлеуметтік нан пісіретін кәсіпорында ұнның таусылғанын олар кеш естіген.
Жанат Шұғаев, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
Біз бүгін нан-тоқаш комбинатына 200 тонна ұн бердік. Енді маусым, шілде, тамыз айларында диірмендерге 3600 тоннадан бидай беріп отырамыз. Тоннасы 28мың теңгеден. 13 мың 500 теңгені әкімшілік субсидия ретінде бөледі.
Болат АМАНБАЕВ