Астанада мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемалары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемалары талқыланды

20.06.2014
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемалары талқыланды

«Мүгедектігі бар адамдарды белсенді қоғамдық өмірге тарту». Бүгін осындай атаумен өткен конференцияда мүгедектер мәселесі және оларға көмектесудің тетіктері қаралды.

 
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мұң-мұқтажын тыңдаған Еңбек министрлігінің өкілдері бар мәселені Үкіметке жеткізуге уәде етті. Оларды Қазақстан мүгедектерінің құқықтары туралы БҰҰ-ның конвенциясының ратификацияланбай жатқаны мазалайды.
 
Қайрат Иманәлиев, Жоғары білімі бар мүгедектердің «Намыс» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
2008 жылы Қазақстан БҰҰ-ның мүгедектердің құқықтары туралы конфенциясына қосылды. Бірақ әлі ратификацияланған жоқ. Құжат тезірек ратификацияланса, мүгедектердің біраз мәселесі шешілер еді.
 
Сондай-ақ, бүгінгі жиында Елбасы тапсырған мәселелер - мүгедектердің еңбекпен қамтылуы, жұртшылықтың мүгедектерге деген көзқарасының өзгеруі және олардың өмірге деген белсенділігін арттыру жайы сөз болды.
 
Өкінішке қарай, бұл мәселелер өз шешімін толық тапқан жоқ. Бүгінгі дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша ұсыныс әзірлеп, Парламент пен Үкіметке жолдайтын боламыз.
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу