Қарағанды облысында 32 отбасы баспанасыз қалды
Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қаласында 32 отбасы баспанасыз қалды. Соттың шешімі бойынша олар белгіленген уақытта үйлерін босатуы тиіс. 90-шы жылдары жұрт үдере көшіп кеткенде иесіз қалған пәтерлерді жергілікті билік баспанасыз жүргендерге үлестіріп берді.
Тұрғындар құжатсыз пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізген. Үй бағасы шарықтай салысымен, пәтер қожайындары табыла қалды. Олар сотқа шағымданып, жеңіп шықты. Енді міне, Шахтинскідегі 32 отбасы баспанасыз босып жүр.
Наразы топ аппеляциялық алқаға шағымданғанмен, сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Шарасыз тұрғындар наразылық шеруін өткізді. Сот орындаушылары қуып шыққан күні күрке тігіп, осы маңда жатамыз, әрі аштық жариялаймыз,- деп отыр.
Рахмет Базылов, Қарағанды облыстық Сот актілерін орындау департаменті басшысының міндетін атқарушы:
32 тұлғаға қатысты соттың шешімі бар, оларды тұрып жатқан үйінен босату жөнінде. Сот орындаушы шыққан шешімді орындауы керек. ҚР Атқарушылық өндірісі жөніндегі заңы бойынша сот шешімін орындауға міндетті.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы16 сағаттық онлайн-марафон өтіп жатыр
15.03.2026, 13:27
«Елорда халықтық қоры» мерекелік концерті өтуде
15.03.2026, 13:24
Перзентханадағы аналар да дауыс беруде
15.03.2026, 13:21
Қарағанды облысының ауылдары белсенді
15.03.2026, 13:18
Қазақстан азаматтары үшін 54 елде 71 референдум учаскесі ашылды
15.03.2026, 13:15
Қоғамдық байқаушылар референдумды қалт жібермей отыр
15.03.2026, 13:09
ОРК дауыс беруге қатысты мәлімет жариялады
15.03.2026, 13:06
Алматы облысында миллионнан аса адам дауыс бере алады
15.03.2026, 13:03