Ас тұзының бағасы арзандайтын болды
Елімізде тұз өндірісі қарқынды дамыған аймақтардың бірі – Павлодар. Бірақ, дүкендер мен базарларда жергілікті өнім күрт азайып, ас тұзының бағасы шарықтап кетті. Өйткені, тауар Қазақстанның басқа аймақтарынан әкелініп жатыр.
Өңірде жылына 70 мың тоннаға дейін тұз өндіріледі. Алайда, ол өнім негізінен экспортқа жөнелтіледі. Сондықтан, жергілікті биліктің араласуымен тұз өндіруші кәсіпорын әлеуметтік сала алдындағы жауапкершілікті ұстанатын болды.
Алтын Нұралина, қала тұрғыны:
Көбіне іздейтініміз Павлодардың тұзы. Дүңгіршектерде жоқ. Ет тұздауға, көкөніс тұздауға көбінесе, соны алатынбыз бұрын.
Игорь Коровицын, «Павлодартұз» ЖШС-нің бөлім басшысы:
Біз «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік кәсіпорынымен келісім шарт жасадық. Соған сәйкес, бүгіннен бастап ас тұзын әлеуметтік бағыттағы сауда орындарына жібере бастадық. Шет аймақтардан келетін тұздан бағасы 16 пайызға арзан болады.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10