Мемлекеттік қызметті бағалаудың жаңа әдістемесі әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметті бағалаудың жаңа әдістемесі әзірленді

17.06.2014
Мемлекеттік қызметті бағалаудың жаңа әдістемесі әзірленді

Елімізде тұңғыш рет мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалаудың жаңа әдістемесі әзірленді.

 
Ол туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов Алматыдағы атқарушы органдардың жетекшілерімен өткен ғылыми-тәжірибелік семинарда мәлімдеді.
 
Әдістемеге  сәйкес, енді түрлі басқарма, департамент, бөлім басшыларының еңбегі бағаланғанда, алдымен олардың қол астындағы қызметкерлерінің  пікірі ескерілетін болады.
 
Сол арқылы қызметті қалай үйлестіріп жатқанына баға беріледі. Егер азамат үш жылда екі рет теріс баға алса, аттестаттық сынаққа жіберіледі. 
 
«Бұл қадам бір жағынан мемлекеттік қызметкер еңбегінің сапалық деңгейін арттырады»,-дейді агенттік төрағасы.
 
Әлихан Бәйменов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
Бұл жүйенің мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметтің   корпоративті мәдениетіне тигізер әсері болады. Себебі, қарамағындағы адамдардың пікірі ескерілетін болса, әрине, ол басшы мен қызметшінің арасындағы байланысқа  оң әсерін тигізеді. Бұл персоналды басқару ісін жаңа кәсіби деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу