Мемлекеттік қызметті бағалаудың жаңа әдістемесі әзірленді
Ол туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов Алматыдағы атқарушы органдардың жетекшілерімен өткен ғылыми-тәжірибелік семинарда мәлімдеді.
Әдістемеге сәйкес, енді түрлі басқарма, департамент, бөлім басшыларының еңбегі бағаланғанда, алдымен олардың қол астындағы қызметкерлерінің пікірі ескерілетін болады.
Сол арқылы қызметті қалай үйлестіріп жатқанына баға беріледі. Егер азамат үш жылда екі рет теріс баға алса, аттестаттық сынаққа жіберіледі.
«Бұл қадам бір жағынан мемлекеттік қызметкер еңбегінің сапалық деңгейін арттырады»,-дейді агенттік төрағасы.
Әлихан Бәйменов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
Бұл жүйенің мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметтің корпоративті мәдениетіне тигізер әсері болады. Себебі, қарамағындағы адамдардың пікірі ескерілетін болса, әрине, ол басшы мен қызметшінің арасындағы байланысқа оң әсерін тигізеді. Бұл персоналды басқару ісін жаңа кәсіби деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Айгүл ЕРМАХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49