«Елдің күші – бақытты отбасы» жалпыұлттық жобасының тұсауы кесілді
«Елдің күші – бақытты отбасы». Қостанайда осылай аталатын жалпыұлттық жобаның тұсауы кесілді. Жобаның көздегені – аула қоғамдастығын жаңғырту, сол арқылы әр отбасындағы бала тәрбиесіне айрықша мән беру.
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін еріктілер тобы жаз бойы, еліміздің ірі қалаларындағы 65 аулада түрлі шаралар өткізеді. Тұрғындарға концерттік бағдарламалар ұсынып, спортшылар өнер көрсетеді.
Осылайша жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға, бір-бірімен танысып, араласуға үндейді. Қоғам өмірінен тыс қалмай, белсенді болуға шақырады. Мұндай шаралар негізінен тұрғындары ұйымшылдығымен ерекшеленетін, үлгілі аулаларда ұйымдастырылады.
Данат Жұмин, «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының кеңес төрағасы:
Біздің алдағы мақсатымыз әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына кіру екенін білесіздер. Ол үшін осы бастан жас ұрпақтың тәрбиесіне айрықша мән беруіміз керек. Егер балаларымыз жан-жақты, қабілетті болып өссе, келешегіміз де жарқын. Себебі ертең елдің тізгінін ұстап, әрі қарай өркендететін солар.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14