Шетелдік қылмыстық топтардың әрекетіне қарсы тұру мәселесі талқыланды
Шетелдік криминалитет ықпалымен күресті күшейту керек. 2012 жылы осы санаттағы 72 қылмыстың беті ашылса, өткен жылы бұл сан екі есеге өсіп, 137 болды.
Шетелдік қылмыстық топтардың әрекетіне қарсы тұру мәселесін батыс өңірінің құқық қорғау саласының өкілдері Орал қаласында талқылады. Аймақтық семинарға шетелдік сарапшылар қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.
Мынау - желтоқсан айында Орал қаласында өткен сот отырысы. Серік Жәлиев пен оның сыбайластары түзету мекемесінде есірткі саудасын қыздырып, шетелдік қылмыс әлемінің серкелері үшін сотталғандардан ақша жинаған.
Қазір қылмыскерлер мен оларға қолдау көрсеткен колония қызметкерлері жазасын өтеуде. Биылдың өзінде елімізде осы сияқты 65 қылмыстың жолы кесілді.
Тимур Тәшімбаев, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының департамент басшысы:
Бұрын шетелдің криминалды қауымдастығымен байланысы бар қылмыстық топтың басшысын ұстап, сонымен іс бітетін болса, қазір қылмысты қуғындау тәсілдері өзгерді. Енді біз қылмыстық топтың жұмысын толық тоқтатқанша жұмыс істейміз. Яғни, шетелмен байланысын үзіп, тыстан қаржыландырудың жолын кесеміз.
Жаһандану үрдісі криминалды ортаға да тән. Әсіресе, қылмыстық қауымдастықтарды заңсыз контрабанда жолы ретінде еліміздің географиялық орналасуы қызықтырады. Соның ішінде Ауғанстаннан бастау алатын есірткі саудасымен күрес өзекті мәселе, дейді сарапшылар.
Альфред Перис, сарапшы (АҚШ):
Басты міндет - заңсыз есірткі саудасына қарсы күш біріктіру. Осы ретте есірткі айналымымен күрестің алдыңғы қатарлы жолдарын талқылау. Сарапшы маман ретінде мен Қазақстандағы оның батыс аймағындағы қылмыстық ахуалмен таныспын.Трансұлттық қылмыстық топтар мен көлеңкелі ақша айналымына қатысты тергеу жүргіздік.
Кеңес барысында мамандар шекаралас аумақтардағы мал ұрлығы мен бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулауға тиым салу мәселелерін талқылап, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы әрекет ету бойынша шекаралық ынтымақтастық пен ведомствоаралық өзара байланыс жасаудың жолдарын сөз етті.
Рауан ДИӘЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10