Астанада «Білім беру. Мамандық. EXPO-2017» тақырыбында білім алу курстары аяқталды. Үш айлық бағдарлама аясында 100-ге жуық оқушы білім алды. Олар мұнай және энергетика саласы бойынша дайындық курстарын өткендігі туралы арнайы сертификаттармен марапатталды.
Сондай-ақ, бағдарлама қатысушылары болашақта автоматты түрде еріктілер тізіміне еніп, EXPO-2017 көрмесінің өтуіне атсалыса алады.
Қайырболат Сахметов, Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ жетекшісі;
Біздің мақсатымыз өз болашағын мұнай және энергетика саласымен байланыстырамын дейтін жастарға қолдау көрсету. Өйткені, бұл мамандықтарға деген сұраныс күннен күнге артып келеді.
Айдана ҮСЕНБАЙ