Астанада нан қымбаттады (ВИДЕО)
Ал, бағаны негізсіз өсіруге жол бермеу туралы келісімге қосылған 19 наубайхананың өнімдері бұрынғы 50-55 теңге күйінде қалады.
Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Енді «Цесна астықтың» нандары 60 теңгеден кем сатылмайды.
«Бағаның өсуіне ұн мен бидай құнының жоғарылауы түрткі болды», дейді кәсіпорын өкілдері. Бұған дейін ас атасының құнын аспандатпай ұстап тұруға мемлекеттік резервтегі астықтың арзан бағамен жеткізілуі себеп болған.
Илья Мещеряков, «Цесна астық» концерні» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі:
Біз дүйсенбіден бастап, осындай шешімге келдік. Енді компания нанды 50 теңгеден кем бағаға сата алмайды. Жеткізілім жағын қоса есептегенде, біздің өнім сауда нүктелеріне кем дегенде 55 теңгемен жетеді. Олар 60-65-тен сатуы мүмкін. Олардың саудасына араласа алмаймыз. Бізді түсінуге тырысыңыздар. 2008 жылдан бері компания нан бағасын өзгертпей келді. Егер өзгертпейтін болсақ, шығынға белшеден батамыз.
Досымжан ЕРМҰРАТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49