Павлодарда еңбекке қабілетті 6 мыңнан астам мүгедек жан бар
Өңірлерде өмірге құштар мүгедек жандар баршылық. Олар жарымжанмын, деп мұқалмайды. Жігерін жанып, еңбек етеді.
Қазір елімізде мүгедектерге қатысты жаңа саясат қалыптасып үлгерді. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында кәсібін дөңгелетіп отырған жандардың артуы - осының бір дәлелі.
Шайхыислам Мағауияұлының есімі Арал өңіріне етене таныс. 23 жастағы шебер темірден түйін түйіп, күмістен зергерлік бұйымдар жасайды.
Туабітті зағип жігіт қазір сүйікті ісін кәсіпке айналдырып, жан бағып отыр. Талапшыл шәкіртінің қабілетін байқаған ұстазы оны осы өнердің қыр-сырына барынша баулыпты. Шеберлігі шыңдалған соң жас шебер өз алдына кәсіп ашты.
Оның қолынан шыққан қазақтың бес қаруы мен мүйізден жасалған кәдесыйларға сұраныс жоғары.
Сондай-ақ, ол күмістен әшекей жасайды, теріге сурет салады. Арғымақ мінген азаматтар тарапынан Шайхыисламның ер-тоқымдарына тапсырыс жоғары.
Шайхыислам Мағауияұлы, шебер:
Ең басында қиналдым. Ынта ғой, істегің келеді. Бос жатқаннан гөрі, ешкімнен сұрамай, өз тамағымызды өзіміз тауып жүрміз.
Талабы таудай Шайхыисламдай жандардың жігері жасымас үшін жан-жақты қамқорлық керек.
Мәселен, Ақтауда көру қабілеті нашар балаларға арналған арнайы балабақша бар.
Онда мамандар балаларға білім беріп қана қоймай, қолөнер және еңбекпен айналысуына көмектеседі. Жас өрендер облыстағы түрлі байқауларда үздік деп танылып жүр. Балабақшада 127 бала тәрбиеленуде.
Емдеу-сауықтыру жұмыстары заманауи үлгідегі құралдардың көмегімен жүргізіледі. Күзде балабақша тізімде тұрған тағы 55 мүгедек баламен толығады.
Мәриям Жарылғапова, ата-ана:
Көру қабілеті 70-80 пайыз жоғарылады. Осы жерден сегіз қырлы, бір сырлы болып шығып, мектепке баратынына қуаныштымын.
Ерлан Ғалиев - ІІІ топтағы мүгедек. Павлодар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің инспекторы. Тәжірибеден өтуге келген жігерлі жігітті басшылық тұрақты жұмысқа қабылдады.
Ерлан Ғалиев, ІІІ топтағы мүгедек:
Жауапты жұмыс.Әсіресе, өз замандастарымның еңбекақысы дұрыс төленуі маған үлкен міндет жүктейді. Жастардың көбі бірден көп ақша төлейтін жұмысқа барғылары келеді. Меніңше, төменнен бастау керек. Денсаулығыма байланысты жеңіл жұмыс істеуге мәжбүрмін. Негізі өндірістік салаға барғым келеді.
Қазір Павлодар қаласында еңбек етуге қабілетті 6 мыңнан аса мүгедек жан бар. Олардың 40 пайызы Ерлан тәрізді тұрақты жұмыспен қамтылған.
Жыл басынан бері 300-ге тарта адам жұмысқа қабылданыпты.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49