Басты Жаңалықтар Астанадағы қарттар үйінде «Махаббатпен, мейірімді қолдардан» акциясы өтті

Астанадағы қарттар үйінде «Махаббатпен, мейірімді қолдардан» акциясы өтті

Астанадағы қарттар үйінде «Махаббатпен, мейірімді қолдардан» акциясы өтті
Қарияларға қайырымды іс. Бүгін Астанада қарттар үйінің 300-ге жуық тұрғынына тегін шаштараз қызметі көрсетілді.
 
Игі шара «Махаббатпен, мейірімді қолдардан» акциясы аясында жүзеге асты.
 
Оған қалалық «Менеджмент және бизнес колледжінің» 5 оқытушысы мен 40-қа тарта оқушысы қатысты.
 
Айым Бегалиева, Астана қаласы Менеджмент және бизнес колледжінің студенті:
Бұл адамдарға көмек көрсеткенде, жылулық сыйлауға  тырысамыз. Осыны аз да болсын, сездіруге тырысамыз.
 
Қариялардың шашын өздерінің қалауынша алып берген ұл-қыздар шаштараз өнері және сәндік косметика мамандығын меңгеріп жатқан студенттер.
 
Олардың айтуынша, бұл акция қарттар үйінде осымен үшінші рет өтіп отыр.
 
Александр Подопригора, қарттар үйінің тұрғыны:
Соңғы рет 9-мамыр - Жеңіс күні қарсаңында өткен. Жалпы, бұл акция жиі болып тұрады бізде.
 
Гүлзира Ахметова, қарттар үйінің тұрғыны:
Иә, өткен жолы келген. Сол кезде әдемі, сәнді шаш үлгілерін жасаған. Мен де қызығып, жасатып алдым.
 
Айдана ҮСЕНБАЙ
Бөлісу