Павлодарда «Бір шаңырақ астында» атты дәстүрлі фестиваль өтуде
«Бір шаңырақ астында» атты дәстүрлі жазғы фестивальді биыл шешен-ингуш этномәдени бірлестігі ашты.
Қызығы сол, әдеттегідей Кавказдың құйқылжыған ән-биі орындалған жоқ. Өнерпаздар алдымен қазақ әндерін шырқады, би биледі. Ұлтқа деген, елге деген құрметті осылайша әспеттеуді шешен-ингуш диаспорасының ақсақалдар алқасы ұсынған екен.
1944 жылы Солтүстік Кавказдан Павлодар облысына 41 мыңнан аса адам еріксіз көшірілді. Қазір солардың 3,5 мыңы, яғни, 500-ден аса отбасы тұрып жатыр.
Ваха Алиханов, шешен ұлттық-мәдени орталығының өкілі:
Мен Қазақ халқына өте ризамын. 44-ші жылы арып-ашып келген бабаларымды туысындай қарсы алып, барымен бөлісті. Қиыншылықта демеу бола білді. Қазақстанның дамуы үшін біз қолдан келгенше ат салысамыз. Бейбітшілік, татулық керек елімізге.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49