Кендірлі - туризмге қолайлы жер
7 гектар аумақты алып жатқан демалыс орнына енді шетелдік туристерді тарту көзделген. Жылы климатты ұнататын жандарға шетел асудың қажеті жоқ, дейді демалушылар.
Кендірліде жаныңа керектің бәрі бар. Каспий теңізіне түсіп, жағалауда спорт ойындарымен шұғылдануға болады. Көк айдында моторлы қайықтармен жүзуге де мүмкіндік бар. Биыл «Кендірлі» демалыс аймағына 17 мыңға жуық адамды қабылдау жоспарланып отыр.
Бауыржан Бекмағамбетов, демалушы:
Бұл жер өте ұнайды. Табиғатының өзі бір бөлек әңгіме. Кендірлінің жылы суы керемет. Мұндағы қызмет көрсету сапасы да жақсы. Жыл сайын шетелге демалып, сонда жұмсаған ақшамызды неге осы жерде жаратпасқа. Меніңше, туризм саласына әр азамат үлес қосып, осы жерді көркейте түсуі қажет.
Биыл жөндеу жүргізіледі, жағалауға катамарандар қойылды. Бассейн жасалды, жағалауларға арнайы төсектер, шатырлар орнатылды. Мейрамхана мен кафе де үздіксіз жұмыс жасайды. Балалар лагері де іске қосылады. 10 күнде 250 бала тынығады. Биыл 2000-3000 жуық баланы қамту ойымызда бар.
Жазира ӘБІЛ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49