Басты Жаңалықтар Техника саласының мамандары әлемдік сертификатқа ие болады

Техника саласының мамандары әлемдік сертификатқа ие болады

Техника саласының мамандары әлемдік сертификатқа ие болады
Қазақстанның техника саласының мамандары әлемнің кез келген елінде жұмыс істей алады. Бастысы - өзімен бірге NCCER сертификатын ала барса, жеткілікті. Мұндай жаңалық – «Кәсіпқор» Холдингі ұйымдастырған жиында айтылды.
NCCER сертификаты – жұмысшының арнайы курстан өткенін, біліктілігі жоғары екенін растайтын құжат.
 
Бүгінгі жиында отандық «Кәсіпқор» холдингінің өкілдері британиялық «Pearson Ltd.» компаниясымен бірлесіп, оқыту курстарын ашатынын мәлімдеді.
 
Мұнда мұнай-газ саласының мамандарын, құрылысшы, инженерлерді қайта оқытпақ. Бұл курсты тәмамдағандарға – дамыған елдің барлығында мойындалған америкалық сертификат табысталады.
 
Марк Вудкок, «Pearson Ltd.» компаниясының аймақтық менеджері:
Біздің Қазақстанға келудегі мақсатымыз – техника саласы мамандарының біліктілігін арттыру, оларды дүниежүзілік талаптарға жауап бере алатын маман етіп шығару. Бұл курсты аяқтаған адам – тек Қазақстанда ғана емес, дүниежүзілік нарықта сұранысқа ие маман болады. Олардың аты-жөні білікті кадр ретінде, жаһандық NCCER базасына жазылады.
 
 
Нұрбек БЕКБАУ
Бөлісу