Ауылдардағы пошта бөлімшелері жабылмайды
Қазір бұрынғыдай хат алмасу болмаса да, ауылдағы қариялар зейнетақыны поштадан алады. Сондықтан, елді мекендерде бөлімшелердің жұмысын жандандыру маңызды.
Осыған орай, ауылдағы кәсіпкерлер ғимараттарынан орын бөліп, поштаның жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп отыр. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары жаңа төлем карталары, пост терминалдар ашылуда.
«Western Union» арқылы Ресей, Украина, Молдова елдеріне ақша аударылымдары мен ЕМS жеткізілімі бар. Сонымен қатар, интернет-банкинг жүйесі іске қосылып, халық оны да белсенді пайдалануда.
Ерік Нұрақаев, «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының директоры:
Ауылдағы кейбір бөлімшелер жабылмас үшін жергілікті өкілетті органдар бізге жалға нысандар беруі керек. Ол нысандар кем дегенде 5-6 жылға беріледі. Біздің бөлімшелеріміз әкімдіктердің ғимараттарында орналасқан. Оның мерзімдері әр жерде әртүрлі. Келісімге қол қойғаннан кейін түсінушілік бар. Бұл біздің жұмысымызды жақсартуға сеп болады, деп ойлаймын.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10