Ауылдардағы пошта бөлімшелері жабылмайды
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдарда пошта бөлімшелері жабылмайды. «Қазпошта» акционерлік қоғамы мен жергілікті атқарушы билік өзара меморандумға қол қойып, сала жұмысын жаңғыртуға қолдау көрсетті.
Қазір бұрынғыдай хат алмасу болмаса да, ауылдағы қариялар зейнетақыны поштадан алады. Сондықтан, елді мекендерде бөлімшелердің жұмысын жандандыру маңызды.
Осыған орай, ауылдағы кәсіпкерлер ғимараттарынан орын бөліп, поштаның жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп отыр. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары жаңа төлем карталары, пост терминалдар ашылуда.
«Western Union» арқылы Ресей, Украина, Молдова елдеріне ақша аударылымдары мен ЕМS жеткізілімі бар. Сонымен қатар, интернет-банкинг жүйесі іске қосылып, халық оны да белсенді пайдалануда.
Ерік Нұрақаев, «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының директоры:
Ауылдағы кейбір бөлімшелер жабылмас үшін жергілікті өкілетті органдар бізге жалға нысандар беруі керек. Ол нысандар кем дегенде 5-6 жылға беріледі. Біздің бөлімшелеріміз әкімдіктердің ғимараттарында орналасқан. Оның мерзімдері әр жерде әртүрлі. Келісімге қол қойғаннан кейін түсінушілік бар. Бұл біздің жұмысымызды жақсартуға сеп болады, деп ойлаймын.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49