Павлодарда кинологиялық қызмет орталығы ашылды
Аймақтың құқық қорғау органдарына ортақ заманауи кинологиялық орталық ашылды.
Павлодарлық полиция қызметтік иттерді өсіру және оларды үйрету үшін Алматыға баратын. Бүгін облыс орталығында құқық қорғау органдарының жеке кинологиялық орталығы ашылды.
Мұнда мамандарды оқыту, жаттығуларға арналған жеке алаңдар, төрт аяқты көмекшілердің жеке госпиталі мен дәріханасы бар.
Шығысеуропалық және немістің тіл алғыш овчаркалары, иісшіл спаниельдер мен лабродорлар, барлығы 12 қызметтік ит бүгіннен бастап қылмысты ашу қызметіне кірісті.
Ал, екідегі Рекстің із кесуде тәжірибесі мол. Оның көмегімен 20-ға жуық қылмыскер ұсталды. Бір қызығы, ол тек қана қазақ тіліндегі бұйрықтарды қабылдайды.
Ертай Айтқазин, кинолог:
Қазақша сөйлесемін, бұйрықты қазақша беру керек.
Ал, жарылғыш заттарды іздеумен айналысқан Балу қызметінің күрделілігіне байланысты демалысқа ерте шықты. Бірақ, жауынгерлік сапта қалыпты. Жақында арнайы курсқа барып, есірткіні түр-түріне қарай айыруды үйренді.
Ерік Кәрібаев, кинолог:
Америкалық әдістеме бойынша бір ай оқыдық. Балу есірткі зат іздейді. Есірткі затының алты түрін біледі.
Қылмыстың кейбір түрлерін заманауи құрылғылар емес, қызметтік иттердің көмегімен анықтаған тиімдірек екен. Яғни, кинологиялық кешенді салу үшін бюджеттен бөлінген 15 миллион теңгенің қайтарымы ақталады, дейді құқық қорғаушылар.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10