Полимер құбырлары зауытының өнімдері сапалы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полимер құбырлары зауытының өнімдері сапалы

07.06.2014
Қызылордадағы полимер құбырлары зауытының әлеуеті артып келеді. Осыдан үш жыл бұрын ашылған өндіріс орны қазір ел сұранысын толық өтейді. Алдағы уақытта кәсіпорын өз өнімдерін экспорттап, сыртқы нарықты сапалы тауармен қамтамасыз етуге қауқарлы. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша іске қосылған зауыттың тыныс-тіршілігі жайлы тілші баяндайды.
 
Зауыт немістің соңғы үлгідегі технологиясымен жабдықталған. 4 техникалық желі тәулік бойы жұмыс істейді. Мынадай арнайы құрылғыда негізгі шикізат полиэтилен түрлі химиялық қоспалармен араластырылып, желі бойына жіберіледі. Автоматтандырылған жүйенің арқасында құбырдың қалыңдығы мен көлемі монитор арқылы реттеліп отырады. Мұнда ауыз су, кәріз және газ жүйелеріне қажетті диаметрі 50 миллиметрден 600 миллиметрге дейінгі иілгіш құбырлар жасалады.
 
Нұрбек Нұрмұхамедов, зауыт инженері:
Шыққан өнімді кран балка дейміз, сол арқылы бәрін көтеріп, мына жаққа апарып резьба саламыз. Барлығы компьютермен басқарылады. Тек қана қолмен машинаға саламыз. Инженер-технологтар тапсырыстың барлығын қойып береді.
 
Қазіргі уақытта, зауытта атом өнеркәсібіне қолданылатын поливенилхлорид құбырлары жасалады. Жалпы, кәсіпорын жылына 16 мың тоннаға жуық өнім дайындайды. Алдағы уақытта іргедегі елдермен алыс-берісті арттыру көзделуде.
 
Арман Әбдіқадіров, зауыт директорының орынбасары:
Қазіргі таңда Ресей, Қазақстан, Беларусь елдері бірігіп, Еуразиялық экономикалық одақ құрып жатыр. Соған байланысты мысалға, сырттан келген тапсырыс болатын жағдайда, біздің зауыт 100 пайыз толық мүмкіндігі бар.  
 
Отандық өнімнің сапасы жоғары, еуроталапқа сай. Кедендік кедергілердің жойылуы одақтас елдер арасындағы сауда-саттықтың артуына жол ашады. Осындай мүмкіндікті пайдаланып, біз қазақстандық тауарды көршілес мемлекеттерге экспорттауға ниеттіміз, дейді зауыт басшылығы.
 
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ
 
 

Хабарламаларға жазылу