Майлы дақылдар алқабы ұлғайды
Солтүстік Қазақстан облысында биыл 517 мың гектарға майлы дақылдар егіледі. Бұл былтырғы жылмен салыстығанда 200 мың гектарға артық. Қазіргі уақытта облыс диқандары егістік науқанын аяқтауға жақын. Астықты өлкедегі көктемгі дала жұмыстарының жай-күйімен танысқан тілшіміз сабақтайды.
Солтүстік Қазақстан облысы еліміздегі ең астықты аймақ. Жыл сайын қамбаға 5 миллион тоннадан астам дән құяды. Биылғы жылы да ауа райы қолайлы болса, жылдағы көрсеткішті еселейміз, деп отыр дихандар. Оған барлық мүмкіндік бар. Жыл сайын техника жаңартылып, тегеурінді трактор мен комбайндар жеткізілуде.
Ағзам Тастеміров, Айыртау ауданының әкімі:
Малдың саны көбеюіне байланысты қазір жем-шөп егістігі де ұлғайды. Бір жарым мыңға көбейді. Биылғы жылы Үкіметтің қолдауы субсидия жөнінде көбейді. Екінші жанар-жағармайды уақытында қамтылып, соның бәрі әсер берді. Биыл ылғал да жақсы.
Сырымбет Есенғалиев өңірдегі ірі агроқұрылымдардың біріне басшылық етеді. 10 мың гектар алқапқа дән егетін ол жыл сайын мемлекеттік қолдауға ие болып жүр. Оның шаруашылығы тұқым өсірумен айналысатындықтан демеу қаржы мол беріледі.
Сырымбет Есенғалиев, шаруашылық басшысы:
Былтыр мен субсидияның гербициды бар, егістігі бар, тұқымы бар, барлығын алғанда 20 миллион алдым. Биылғы жылы осы егістікке ғана 20 миллион. Одан кейін біздің элиталарға төлейді. Соған қарағанда 30 миллионға барады, деп ойлаймын.
Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 4 миллион гектар алқапқа дән егіледі. Соңғы жылдары сұраныстың артуына байланысты 500 мыңнан астам алқапқа майлы дақылдар себіледі. Бұл шаруашылықтарды әртараптандыруға мүмкіндік беріп отыр.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49