Алматы облысында «Жолда қабылдау» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында «Жолда қабылдау» акциясы өтті

07.06.2014
Алматы облысында «Жолда қабылдау» акциясы өтті

Алматы облысында тек былтырдың өзінде 1 мың 230 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 401 адам мерт болды. 1 жарым мың адам жарақаттанды. Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында «Нұр Отан» партиясы мен Ішкі істер министрлігі 2009 жылдан бері «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырып келеді.

 
Тәртіп сақшылары сап түзеп, жолға шықты. Күнделікті қызметінен бөлек, үлкен мақсат тұр. Ол жүргізуші қауыммен бетпе-бет тілдесу. Ұзын жолдың бойында көлік жүргізушілерінің ұсыныс-тілектерін біліп, мазалаған мәселелерін сұрастыру. «Нұр Отан» партиясы халық пен биліктің арасындағы дәнекер көпір.
 
Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдау бөлімі басшысының орынбасары:
Мәжіліс депутаттары және мәслихат депутаттары 80-90 пайызы ол «нұротандықтар». Сол себепті, бүгінде таңда тек қана Заң қабылдау емес, біз қазір мемлекеттік органдарға дұрыс нұсқау қойып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бізге қойған тапсырмаларын орындау.
 
Қаптаған жол полициясы қызметкерлерін көрген жүргізушілер абдырап қалмады. Керісінше, белсенді болды, ойларын айтты, тілектерін жеткізді. Тіпті заңның күшейтілгенін құба-құп көріп отыр.
 
Асылхан Тілеуқұлов, жүргізуші:
Жол ережесін бұзғандар мысалы, көбінесе қатты жүреді. Оларға да заң бірдей болып, қазір тоқтаса соған ризамыз әйтеуір.
 
Талғат Мұсаханов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:
Жүргізушілердің ең бірінші проблемасы жолдың жағдайы. Жол дұрыс болмай, соны сұрап жатыр.
 
Жол қадірі әрине, жүргенге білінеді. Сондықтан «Жолда қабылдау» акциялары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
 
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
 

Хабарламаларға жазылу