Қаржы полициясы биыл 5 мыңға жуық қылмыстың жолын кескен
Қаржы полициясы соңғы 3 жылдың өзінде 20 мыңнан астам экономикалық қылмысты әшкереледі.
Жүздеген миллиард теңгені мемлекет қазынасына қайтарды. Биыл осы Қаржы полициясы агенттігінің құрылғанына - 20 жыл. Бүгін айтулы датаға орай, агенттік қабырғасында мерекелік жиын өтті.
Агенттік төрағасы Рашид Түсіпбековтің айтуынша, тек биылдың өзінде агенттік қызметкерлері 5 мыңға тарта қылмыстың жолын кескен.
Оның 65 пайызы - экономикалық, 21 пайызы - сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар. Бұдан бөлек, жоғары лауазым иелеріне қатысты қоғамда үлкен резонанс тудырған қылмыстық істер де қозғалды. Мұның барлығы Қаржы полицейлерінің табанды, әрі қырағы жұмысының жемісі,-деді ол.
Марат Ахметжанов, ҚР Қаржы полициясы агенттігі төрағасының орынбасары:
Миллиардтаған теңге еліміздің бюджетіне қайтарылып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жылдан-жылға шеңберін кеңейтіп, тек қана қылмыстың салдарын емес, оның алдын алуға, тоқтатуға қызмет ететін уәкілетті орган ретінде үлесін қосып жатыр.
Нұрбек БЕКБАУ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49