Астраханьда халықаралық журналистер байқауы өтті
Ресей Федерациясының Астрахань қаласында «Каспийский лотос» атты халықаралық журналистер байқауы өтті. Оған Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғыз Республикасынан жүзге жуық теле-фототілші қатысып, олардың арасынан тоғыз номинация бойынша үздіктер анықталды.
Байқаудың шарты бойынша журналистердің жұмыстары Каспий теңіздегі қалыптасқан проблемалар туралы, оларды шешу жолдары жайында болды.
Байқау қорытындысы бойынша ақтаулық «Огни Мангыстау» газетінің тілшісі Каспий теңізі және оның жағалауын мекен еткен аймақтардың экологиялық мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін номинациясы бойынша үздік атанды.
Александр Покатилов, байқау жеңімпазы:
Біздің өңір Каспий теңізінің жағалауында орналасқандықтан, оның экологиялық мәселелері туралы жазбау мүмкін емес. Осындай байқаулар арқылы біз, яғни журналистер Каспий теңізін, оның табиғатын қорғауға өзіндік үлесімізді қосып, өзгелерді қатарымызға шақырамыз. Бұл шараның басты мақсаты - Каспий теңізінің экологиялық жағдайына қоғамның назарын аудару.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бадам өзенінің жағасын ел болып тазалады
09.06.2026, 17:35
Эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді
09.06.2026, 17:30
Үлкен Алматы көлінің маңы қоқыстан тазартылды
09.06.2026, 17:27
«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» тасжолы тоқтаусыз салынуда
09.06.2026, 17:25
Қызылорда облысының Абай ауылы су жүйесіне қосылды
09.06.2026, 17:22
Жылқышыға сенген халық малынан айырылған
09.06.2026, 17:17
5 мың науқас ағза трансплантациясына мұқтаж
09.06.2026, 17:15
Кенияда карантин орталығына қарсы шеру жалғасуда
09.06.2026, 17:12