Атырауда «Бекіре-2014» іс-шарасы қорытындыланды
Нәтижесінде балықты заңсыз аулаған, оны тасымалдаған және сатумен не сатып алумен айналысқан бір мыңдай заңбұзушылық анықталды. 899 адам әкімшілік жауакпершілікке тартылды.
Сондай-ақ, шара кезінде 140 қылмыстық іс қозғалып, оның 51-і сотқа жолданды. Заңды аттап, пайда тапқысы келетін браконьерлерден 27 тоннаның үстінде балық және оның өнімдері тәркіленді. Оның 1 тоннадан астамы бекіре тұқымдас балықтар, 18 келісі қара уылдырық.
Сондай-ақ, заңды бұзушылардан 176 суда жүзу құралы мен 1200 дана ау құралы алынды. Бұған қоса, ел ішіндегі браконьерлер азаймай тұрғанда, шекарамыздан заңсыз өтіп, балық аулайтын ресейліктер тағы бар. Өткен жылмен салыстырғанда олардың қатары арта түскені анықталып отыр.
Бауыржан Абсаматов, ҚР ҰҚК ШҚ 20/16 әскери бөлімшесінің командирі:
Бірлесіп өткізген операцияның бірінші кезеңінде заң бұзған 70 адам ұсталды. Оның арасында Ресей Федерациясының азаматтары – 24, Қазақстан Республикасының азаматтары - 46. Олардың барлығы жауапкершілікке тартылды.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бадам өзенінің жағасын ел болып тазалады
09.06.2026, 17:35
Эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді
09.06.2026, 17:30
Үлкен Алматы көлінің маңы қоқыстан тазартылды
09.06.2026, 17:27
«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» тасжолы тоқтаусыз салынуда
09.06.2026, 17:25
Қызылорда облысының Абай ауылы су жүйесіне қосылды
09.06.2026, 17:22
Жылқышыға сенген халық малынан айырылған
09.06.2026, 17:17
5 мың науқас ағза трансплантациясына мұқтаж
09.06.2026, 17:15
Кенияда карантин орталығына қарсы шеру жалғасуда
09.06.2026, 17:12