ОҚО: Шардара ауданында еңбекті сүйген жан тұрады
Әлмахан Өтеновтің бойының тым аласа екендігіне қарамастан төрт құбыласы тең. Туа біткен дене кемістігіне мойымаған азамат қазір жеке шаруашылық құрып, ісін дөңгелетіп жүр.
Әлмахан Өтеновтің таң атысымен жұмысы шаруа қожалығына барумен басталады. Егіндікке диқан өз көлігімен жетеді. Ол бойының тым аласа екендігіне қарамастан, көлігін өзіне ыңғайлап алған.
Қазақстан ауылында тұратын азаматтың 20 гектар жері бар. Оған жылда қауын-қарбыз егіп, нәпақасын табады. Биыл бақша өнімдерінен бөлек, мақта өсіруді де қолға алып отыр.
Осылайша, табиғатынан ширақ жан өзгелерден қалыспай тірлігін жасап, ісін ілгерілетіп келеді.
Әлмахан Өтенов, кәсіпкер:
Ергежейлілігімді ойыма да алмаймын. Біреудің қол астында жұмыс істеп, жалданып жүрген жоқпын. Жер өзімдікі, не ексем де. Қаласам, жүгері егемін.
Техниканың тілін жақсы білетін азамат кезінде жолаушы тасымалдаумен де айналысқан. Қазір көлігі бұзыла қалса, өзі жөндеп алады. Ауылдастарына да көмектеседі.
Әлмахан Өтенов биыл 50-ді еңсерді. Жанында демеу болар жары Диларам бар.
Диларам Хатамова, жұбайы:
Төрт қыз сүйіп отырмыз. Жолдасым еңбекқор. Қыздарымыз өсіп жатыр, ешкімнен кем емес. Жақсы тұрамыз.
Тұңғышы - Жансая 9-да болса, кенжесі - Айзере 1 жастан асты. Бірлігі мен тірлігі жарасқан отбасы - өмірге құштар жанның мықты тірегі, ертеңгі жарқын күндерге жетелейтін ақжолтай тілегі.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары – 2026»: Ел намысын 11 команда қорғайды
24.07.2026, 20:36
Тұңғыш драматург жайлы алғашқы жинақ шықты
24.07.2026, 20:34
Әскери дайындыққа арналған жаңа оқулықтар жарық көрді
24.07.2026, 20:31
Қызылорда облысының Шиелі ауданында жастар саябақты тазалап, игі іске жұмыла атсалысты
24.07.2026, 20:27
Алматы жетекші гастрономиялық орталықтардың біріне айналды
24.07.2026, 20:25
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардан 1 059 медаль жеңіп алды
24.07.2026, 20:22
Алматыда жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті
24.07.2026, 20:19
Ресейде қор нарығы құлдырап, бағалы қағаздар құнсызданды
24.07.2026, 20:19