Балалар сауықтыру орталығына аттанды
Оларды ата-аналары мен «нұротандықтар» теміржол бекетінен салтанатты түрде шығарып салды. Игі іс демеушілердің қолдауымен Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай, «Бақытты балалық» жобасы аясында қолға алыныпты.
Демалуға бара жатқан балалардың барлығы дерлік оқу озаттары әрі тұрмысы төмен отбасыдан шыққан. Оқушылар маусымның 3 мен 17-сі аралығында сұлу Көкше жерінің таза ауасымен тыныстап, табиғатымен танысып, тамашалап қайтады.
Бүгінгі шара барысында, шағын концерттік бағдарлама көрсетіліп, ақсақалдар батасын берді. Ұйымдастырушылар мен ата-аналар балаларға сәт-сапар тіледі. Ал, «нұротандықтар» болса, осы жазда 300-ге жуық балаға жолдама беруді жоспарлап отыр.
Алдияр Мәметхан, 2-сынып оқушысы
Мен Көкшетауға бара жатырмын. Ол жақтың табиғаты жақсы. Ол жақта қыздармен, ұлдармен достасуға бара жатырмын.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49