Қызылорда облысында жауын салдарынан 1500-ге жуық мал қырылып қалды
Үш сағат бойы тоқтаусыз жауған бұршақ аралас жаңбыр, ұсақ малды күнкөріс көзіне айналдырған Әбдіразақ Жақсыбековті де шығынға батырды.
«Осыдан бес күн бұрын ғана қырықтықтан шыққан мал бұршақ ұрып, суықтың кесірінен қырылып қалды»,- дейді ол.
Әбдіразақ Жақсыбеков, шопан:
Мұндай жағдайды бірінші рет көріп тұрмын өз басым. 211 бас қой шығыны болып тұр. 50 шақты қойды жүнге орап, тамға кіргізіп, тірілтіп алдық.
Бағлан Тұртанов, шопан:
Шамамен, өзімнің есебім бойынша қазір 260 басқа жуық мал шығыны болып тұр. Қазір әр жерде қалған малдарды жинастырып жатырмыз.
Қатты жауын салдарынан ауданның Қаратау беткейіндегі Қосүйеңкі, Төменарық, Жайылма, Қожамберді ауылдық округінің малшылары қатты зардап шекті.
Мамандардың есебінше, аталған 4 елді мекенде барлығы 1500 мыңға жуық қой-ешкі шығын болды. Тау етегіндегі Қосүйеңкі аулының өзінде ұсақ түліктің шығыны 500-ден асады.
Әбдімәулен Сабырханов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы:
Ынтымақ өзенінің бойындағы бес шопанның жерін араладық. Осы жерден 500-ге жуық малдың өлгені анықталып отыр. Жұмыстар жүргізіледі.
Ауа райының қолайсыздығынан қырылған қой-ешкінің санын нақтылау үшін ауданда арнайы комиссия құрылып, төрт топ ауыл-ауылды аралап, шаруалардан есеп алуда.
Қас-қағым сәтте қорадағы малынан айырылған шопандар болса, жағдайларын қалай оңалтарын білмей дал. Әзірге апаттың шығынын кім өтейтіні белгісіз.
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Кенияда карантин орталығына қарсы шеру жалғасуда
09.06.2026, 17:12
Apple мен Google-ден балаларды қорғау шараларын күшейту талап етілді
09.06.2026, 17:10
Астанада биік үйлердің терезесін бекіту күшейтілді
09.06.2026, 17:07
Жөндеу көрмеген Мойынқұмдағы балабақша жабылды
09.06.2026, 17:05
Шетелден келетін туристер 4 миллионға жетуі мүмкін
09.06.2026, 17:03
Абай облысына тартылған инвестиция 19,4 пайызға өскен
09.06.2026, 17:00
Жетісу облысында қырықтан аса экожоба ұйымдастырылған
09.06.2026, 13:24
660 сарбазға білім гранты табысталды
09.06.2026, 13:21