Сәпиевтер шаңырағы «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанды
|
Сәпиевтер шаңырағы жалпыұлттық «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанды. Сайысқа қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, спорттық жарыстарға қатысты. Салтанатты шара барысында 100-ден астам жас жұбайлар сахнаға шақырылып, неке куәліктері табысталды. Ал, шаңырақ құрғандарына 70 жыл толған соғыс ардагерлері ерлі-зайыптылар жұбы көпшілікке ғибратты әңгімелерін айтты. Жалпы конкурстың аймақтық кезеңінің қорытындысы бойынша Серік Сәпиевтің әулеті бас жүлдеге ие болды. Жеңімпаздарды облыс басшысы Бауыржан Әбдішев құттықтады. Енді Олимпиада чемпионының әулеті «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауының республикалық кезеңіне қатысатын болды.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49