Шекара басшысы сарбаздарды соққыға жыққан
Батыс өңірлік әскери прокуратурасы Атырау гарнизонының барлық бөлімдері мен мекемелерінде әскери қызметшілердің арыз-шағымдарын қабылдайтын телефондар, e-mail және WhatsApp мекенжайлары көрсетілген баннерлер орнатқан болатын. Бұл бастама өз нәтижесін берді.
Прокурорларға WhatsApp желісі арқылы №2016 әскери бөлімінің офицері қатардағы жауынгерлерді соққыға жығады деген хабарлама түскен. Тексеріс кезінде , бөлімдегі үш сарбаздың түрлі жарақаты бар екендігі анықталды. Олар лейтенат шеніндегі офицердің соққыға жыққандығын растады.
Кейін белгілі болғандай, офицер қатардағы бес жауынгерді дәлізге сапқа тұрғызып, қолына боксшы қолғабын киіп, оларды ұрып-соққан. Содан кейін лейтенант сарбаздарға газ тұмшалағыштар мен жалпы әскери қорғаныс киімін кигізіп, әскери бөлімше ғимаратын айнала жүгіруге мәжбүрлеп, теуіп, әлімжеттік жасаған.
Талғат Бақбергенов, Батыс өңірлік әскери прокуроры:
Өзінен шені төмен қызметкерге күш көрсеткен шекара заставасының бөлім басшысы анықталды. Қазір айыбы дәлелденіп, іс сотқа жолданды. Біз осындай шаралар арқылы, әскери қызмет саласындағы кез келген заңсыздықтардың алдын алып жатырмыз.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Кенияда карантин орталығына қарсы шеру жалғасуда
09.06.2026, 17:12
Apple мен Google-ден балаларды қорғау шараларын күшейту талап етілді
09.06.2026, 17:10
Астанада биік үйлердің терезесін бекіту күшейтілді
09.06.2026, 17:07
Жөндеу көрмеген Мойынқұмдағы балабақша жабылды
09.06.2026, 17:05
Шетелден келетін туристер 4 миллионға жетуі мүмкін
09.06.2026, 17:03
Абай облысына тартылған инвестиция 19,4 пайызға өскен
09.06.2026, 17:00
Жетісу облысында қырықтан аса экожоба ұйымдастырылған
09.06.2026, 13:24
660 сарбазға білім гранты табысталды
09.06.2026, 13:21