Әскери бөлімде әуе оқу-жаттығу жұмыстары өтті
«Ұшқыш болу үшін ілім-білімнен бұрын, қаныңа дарып, сүйегіңе сіңген бейімділігің болуы керек», дейді 20 жылдық тәжірибесі бар ұшқыш Марат Байғалиев.
Білімін іс-тәжірибемен ұштастыру - әрбір ұшқыштың арманы. Сондықтан да, көк аспанға көтерілгенде жауапкершілікті сезінетін маман иелері бүгінгі жаттығуға тыңғылықты дайындықпен келді.
Марат Байғалиев, ұшқыш:
Әрине, біздің жұмыс өте үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Бірақ, мен бала кезімнен ұшқыш боламын деп мақсат қойдым. Осындай жаттығу жұмыстары өте пайдалы. Себебі, біздің қолымызда мыңдаған адамның тағдыры бар.
Оқу-жаттығуға 30-дан астам маман жұмылдырылды. Шыңдауы келіскен семсердей ұшқыштарға бүгінгі ауа райының қолайсыздығы да кедергі бола алмады.
Ал, әр тікұшақтың өз ерекшелігі бар. Мәселен, мына Еврокоптер «ЕС-145» тікұшағы өзгенікі емес, өзіміздікі, отандық өнім. Шығарылғанына 3 жыл болды. Құны - 6 миллион еуро.
Айта кетейік, қазір мұндай тікұшақтар Астана, Атырау, Қызылорда, Тараз, Алматы қалаларында бар. Ал, мына «Ми-17» тікұшағы әртүрлі қызметтерді қатар атқара алады, көпфункциялы.
Дастан Бейсембінов, аға ұшқыш:
Бұл тек қана әскери операцияларға емес, сондай-ақ, адам тасымалдауға да арналған. Сонымен бірге, медициналық қызмет те көрсете алады.
Индира Бегайдар, тілші:
Әуе оқу-жаттығу жұмыстары аптасына бір рет өтеді. Оған кем дегенде 30 адам жұмылдырылады. Алдағы уақытта мамандар осы шараның санын көбейтуді жоспарлап отыр.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49